Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген) (2018.25.08. берілген толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2018.25.08. № 523 Қаулысымен қағидамен толықтырылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2016 жылғы 19 сәуірдегі

№ 234 қаулысымен

бекітілген

 

 ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 Қаулысымен 2020 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде

 кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау

қағидалары

(2018.25.08. берілген толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың шарттары мен тетігін айқындайды.

2. Қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне қосылған эмитенттердің облигациялары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау Бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылады.

3. Субсидиялау эмитенттердің облигациялар бойынша сыйақы ретінде төленетін шығыстарының бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

4. Қаржы агенттiгiнiң көрсетілетін қызметтерiн республикалық бюджет қаражаты есебiнен кәсіпкерлік жөніндегі уәкiлеттi орган төлейдi.

5. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаржы агенттігіне республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен олардың арасында жасалатын «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі субсидиялау және кепілдендіру туралы шарттың негізінде береді. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі Субсидиялау және кепілдендіру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку