Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БИООТЫН ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ БИООТЫН ӨНДІРІСІНІҢ МОНИТОРИ...

Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептер ұсыну нысандары мен оларды биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-4/631 бұйрығы

 

Осы редакция 2019 жылғы 6 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 13-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептер ұсыну нысандары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерді биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға ұсыну қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

 

А. Мамытбеков

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку