«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 366 Жарлығы (2018.05.05. берілген өзгерістермен)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы
(2018.05.05. берілген өзгерістермен)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2016 жылғы қазанның 31-і.
№ 366
Президентінің
2016 жылғы 31 қазандағы
№ 366 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат):
жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
«
Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы | 33 |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы | 33 |
».
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 20, 218-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы ережеде:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесі»;
16-тармақтың 2) тармақшасында:
бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының функциялары:»;
жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа