«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 329 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 329 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 826 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде:
5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларға және іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға арналған өтінімдерді мақұлдау;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамында:
«Байғарин Қанат Әбдуәлиұлы - «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының инновациялар және ғылым жөніндегі вице-президенті (келісім бойынша)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Сұраған Дурвудхан - «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің математика саласындағы PhD доктор (келісу бойынша)»;
«Шәукенова Зарема Қаукенқызы - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры (келісім бойынша);» деген жол алып тасталсын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа