«Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 529 Қаулысы (2022.11.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 529 Қаулысы
(2022.11.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 559 Қаулысымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары;
2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу өлшемшарттары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 529 қаулысымен бекітілген
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2022.26.10. № 849 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу тәртібін айқындайды.
Документ утратил силу
Демо – версия документа