(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӨНЕРКӘСІПТІК-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ БІРЫҢҒАЙ ИНДУСТ...
Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 22 тамыздағы № 592 бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 19 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 11) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
И. Оспанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылық министрілігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрілігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрілігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрілігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрілігі
Қазақстан Республикасы Индустрия
және инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 22 тамыздағы
Редакция документа
Демо – версия документа