(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛ...
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1111 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы акцияларының 100 (бір жүз) пайыз мөлшеріндегі мемлекеттік пакеті «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
2. «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен, «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамымен (келісу бойынша) бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2022 жылғы
30 желтоқсандағы
№ 1111 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Нұр-Сұлтан қаласы» деген бөлімде:
Редакция документа
Демо – версия документа