(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.07.11 № 1413 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 қарашадағы № 1413 Қаулысы
(2015.31.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 9-тармағының сегізінші абзацын, 10-тармағының он төртінші абзацын, 14-тармағының төртінші, бесінші, жетінші, он бесінші, жиырмасыншы абзацтарын, 17-тармағының төртінші абзацын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2012 жылғы 7 қарашадағы
№ 1413 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2015.16.07. № 542 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2015.31.10. № 870 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2015.31.10. № 870 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молайту әрі орман өсiру жөнiндегi нормалар мен нормативтердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 2, 27-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру жөнiндегi нормалар мен нормативтердi бекiту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа