Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептер ұсыну нысандары мен оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-4/631 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 35 бұйрығы

«Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептер ұсыну нысандары мен оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-4/631 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 35 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептер ұсыну нысандары мен оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-4/631 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12107 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Биоотын өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 13-2) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) өткізілген шикізат көлемі туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) өндірілген биоотынның көлемі туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес;

3) басқа жеткізушілерден биоотынның келуі туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 1-2-қосымшаға сәйкес;

4) Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;

1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 1-1 және 1-2-қосымшалармен толықтырылсын;

2-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку