«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 546 бұйрығы (2025.24.03. берілген өзгерістермен)
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 546 бұйрығы
(2025.24.03. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
ҚР Қаржы министрінің 2025.07.03. № 110 бұйрығымен тізбе жаңа редакцияда (2025 ж. 24 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 15 тамыздағы
№ 546 бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган
анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің
тізбесі
№ | Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы | Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі |
Демо – версия документа