(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚЫЗМЕТТІК ТҰ...
«Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 Қаулысы
(2022.27.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 23 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 101-11-бабына және «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары;
2) Тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Үкіметінің
2021 жылғы 5 тамыздағы
№ 524 қаулысымен
бекітілген
Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа