(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БЮДЖЕТ ТҮСІМДЕРІН БОЛЖАУ ӘДІСТЕМЕСІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ»...
Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығы
(2023.25.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 20 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2021.02.11. № 98 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджет түсімдерін болжау әдістемесі бекітілсін.
2. Салық және кеден саясаты департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндеттерін атқарушы |
М. Құсайынов |
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2021.02.11. № 98 бұйрығымен әдістеме жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндеттерін
атқарушының
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 34 бұйрығымен
бекітілген
Бюджет түсімдерін болжау әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бюджет түсімдерін болжау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Бюджет кодексі) 65-бабына сәйкес әзірленді.
Редакция документа
Демо – версия документа