(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СТРАТЕГИЯЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРДІ ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ҚАЗА...
Стратегиялық объектілерді иеліктен шығару және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы № 804 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 18 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына осы қаулыға қосымшада көрсетілген стратегиялық объектілерді «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің пайдасына иеліктен шығару жөнінде мәміле жасауға рұқсат етілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiнде:
реттік нөмірі 84-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Редакция документа
Демо – версия документа