Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 409 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 409 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығы туралы ережеде:

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Функциялары:

1) қамаудағылар мен сотталғандарды айдауылдау мен күзетуді бақылауды жүзеге асырады;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын жасақталуын жоспарлайды және ұйымдастырады;

3) төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету және төтенше оқиғалардың салдарын жою үшін, сондай-ақ заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күрес, қақтығыс аудандарын оқшаулау және тосқауыл қою, аса қауіпті құқық бұзушылықтардың, диверсиялардың, террористік актілердің, қарулы қақтығыстардың жолын кесу, тайталасушы тараптарды ажырату, заңсыз қарулы құралымдарды қарусыздандыру және жою, жанжал ауданында халықтан қаруды алып қою, жанжал ауданына іргелес аудандарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды күшейту жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын тарту туралы шешімдерді орындайды;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку