«Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 587 бұйрығы
«Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 587 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11119 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу мемлекеттiк көрсетілетін қағидаларында:
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Жылжымалы құрамы кепілін мемлекеттік тiркеу, үшiн өтініш беруші не өтініш берушінің уәкілетті өкілі «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Кепілді тіркеу туралы заң) 9-бабына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 8-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады.
Тiркелген кепiлге өзгерiстердi, толықтыруларды тiркеу және тоқтату үшін өтініш беруші не өтініш берушінің уәкілетті өкілі Кепілді тіркеу туралы заңның 17-бабына сәйкес құжаттардың қосымшасын қоса бере отырып, осы қағидаларға 8-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.»;
4, 5, 6 және 7-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 5, 6-қосымшаларға сәйкес 8-1, 8-2-қосымшалармен толықтырылсын;
10-қосымша алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Демо – версия документа