Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТ...

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 149 Қаулысы

 

Осы редакция 2023 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі» мемлекеттік мекемесі таратылсын.

2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2023 жылғы 22 ақпандағы

№ 149 қаулысымен

бекiтiлген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

 өзгерістер

 

1. «Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 16 шілде № 784 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметшілер мен өзге де лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесінде:

мына:

«

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілі

Үкімет

Сауда және интеграция министрі

Президентпен

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілінің орынбасарлары

Үкімет

Сауда және интеграция министрі

Президентпен

»

деген жолдар алып тасталсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку