Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА БЕКІТІЛІП БЕРІЛГЕН МЕМ...

Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 Қаулысы

(2019.15.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 25 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасы бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 3, 38-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 927 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 51, 482-құжат).

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі 

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2017.23.11. № 769 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (халық саны екі мың адамнанастам аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін - 2018 ж. 1 қаңтардан бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 1 маусымдағы

№ 616 қаулысымен

бекітілген

 

 

Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік

мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру

 қағидалары

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку