(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ, БҰЙЫМДАРЫ МЕН КОНСТРУКЦИЯЛ...
Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 401 бұйрығы
Осы редакция 2022 жылғы 15 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 15-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының энергия тиімділігі жөніндегі талаптар белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ә. Исекешев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
2015 жылғы 9 маусым
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
Редакция документа
Демо – версия документа