(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2015.10.08 № 11-1-2/3...
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 11-1-2/328 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 15 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес «Консулдық заңдастыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
Редакция документа
Демо – версия документа