«Консулдық заңдастыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 11-1-2/328 бұйрығына 8-қосымша ) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2015 жылғы 10 тамыздағы
№ 11-1-2/328 бұйрығына
8-қосымша
ҚР Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 11-1-4/319 бұйрығымен күші жойылды
«Консулдық заңдастыру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Консулдық заңдастыру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығымен бекітілген «Консулдық заңдастыру» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және шет елдердегі мекемелерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі (нормативтік - құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11646 болып тіркелген).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - тапсырылған құжаттарды консулдық заңдастыру.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:
1) 1-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің консулдық қызметшісінің өтініш пен құжаттарды қабылдауы, тексеруі, тіркеуі - 1 жұмыс күн;
2) 2-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің консулдық қызметшісінің құжаттарды заңнамаға сәйкестігін қарастыруы, тексеруі - 1 жұмыс күн;
3) 3-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің консулдық қызметшісінің консулдық заңдастырылған құжаттарды беруі - 1 жұмыс күн.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің нәтижесі мынадай рәсімді орындауды бастау үшін негіз болады:
1) 1-процесс бойынша - өтініштің көшірмесіне құжаттардың қабылданғаны туралы белгі қою;
Документ утратил силу
Демо – версия документа