(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САЛАМАТТЫЛЫҒ...
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023.23.02. № 30 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2023 ж. 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына
2-қосымша
Осы редакция 2025 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу
қағидалары
(2023.30.05. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 26-тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірлерді беру және олардың тізілімін жүргізу тәртібін (бұдан әрі - тізілім) айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аумақтық бөлімше - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері;
2) есепке алу нөмірі - тамақ өнімін өндіру обектісінің қызмет түрін және нөмірін қамтитын код;
3) өндіріс субъектісі - тамақ өнімін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Редакция документа
Демо – версия документа