(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ КЕЙБІР ...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 401 бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 13 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №1424 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19784 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбында мемлекеттік тілде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
1-тармаққа мемлекеттік тілде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларында:
тақырыбында мемлекеттік тілде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидалары және олардың құжат айналымы (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 176-бабына, «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және тауарлардың қозғалысын бақылауға арналған тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі - ТІЖ) ресімдеу тәртібін айқындайды.»;
2-тараудың тақырыбында мемлекеттік тілде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
Редакция документа
Демо – версия документа