«Нұсқама нысандарын, оларды жасау және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 16-07/333 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 411 бұйрығы
«Нұсқама нысандарын, оларды жасау және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 16-07/333 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 411 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Нұсқама нысандарын, оларды жасау және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 16-07/333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8662 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) осы бұйрыққа 9-1-қосымшаға сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы жедел ден қою шараларын қолдану туралы нұсқаманың нысаны;»;
көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 6, 7, 8 және 9-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес 9-1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нұсқамаларды жасау және беру қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа