(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КЕПІЛДІК БЕРІЛГЕН КӨЛЕМІ...
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығы
(2019.14.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 9 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.14.03. № 105 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.14.05. № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 88-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.14.03. № 105 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.14.05. № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және медициналық бұйымдардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Редакция документа
Демо – версия документа