Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 165 Қаулысы

 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 165 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы Ереженің 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 15-тармағының 100), 132), 264), 396) және 446) тармақшаларын, сондай-ақ Ереженің 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 15-тармағының 43) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2022 жылғы 25 наурыздағы

№ 165 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 24 сәуірдегі

№ 387 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы

 ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мынадай салаларда басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады:

1) бюджеттік жоспарлау;

2) бюджетті атқару;

3) бухгалтерлік есеп жүргізу;

4) бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілік;

5) салықтық және кедендік әкімшілендіру;

6) этил спиртінің, алкоголь өнімінің және темекі бұйымдарының өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу;

7) мұнай өнімдерінің және биоотынның айналымы;

8) Қазақстан Республикасының кеден ісі, салық саясатын іске асыру саласындағы мемлекеттік реттеу;

9) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару;

10) бюджеттік кредиттеу;

11) республикалық мүлікті басқару;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку