Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАНКТЕР, БАНКТІҢ НЕМЕСЕ БАНК ХОЛДИНГІНІҢ ЕНШІЛЕС ҰЙ...

Банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құнын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 19 тамыздағы № 131 Қаулысы

 

Осы редакция 2020 жылғы 23 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Банктер туралы заң) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар белгіленсін:

1) банктер, банктердің немесе банк холдингтерінің еншілес ұйымдары заңды тұлғалардың акцияларын олар мынадай талаптарға сәйкес келген кезде сатып алатыны:

осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілген Халықаралық қор биржалары тізімінде еркін айналыстағы Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларының акциялары;

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымдары таныған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген заңды тұлғалардың акциялары;

қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаларының акциялары;

қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғалардың акциялары және (немесе) шетел валютасында номинирленген, «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғалардың акциялары;

2) банктер, банктердің немесе банк холдингтерінің еншілес ұйымдары Банктер туралы заңның 8-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесін сатып алады;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку