Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қазандағы № 666 Қаулысы (2022.03.06. берілген өзгерістермен)

«Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қазандағы № 666 Қаулысы

(2022.03.06. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен қосу және қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «СМУ» КеАҚ) болып қайта ұйымдастырылсын.

2. «СМУ» КеАҚ қызметінің негізгі мәні жоғары білім беру, кең бейінді ауруханалар мен мамандандырылған ауруханалар қызметі, стационарлары және жалпы дәрігерлік практикасы бар басқа да емдеу мекемелерінің қызметі болып айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) «СМУ» КеАҚ жарғысын бекітуді;

2) мемлекеттік тіркеу үшін «СМУ» КеАҚ атынан құжаттарға қол қоюға, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және «СМУ» КеАҚ органдары құрылғанға дейін үшінші тұлғалардың алдында олардың мүдделерін білдіруге уәкілетті адамдарды сайлауды;

3) «СМУ» КеАҚ әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

4) «СМУ» КеАҚ акцияларының мемлекеттік пакеттеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне беруді;

5) осы тармақтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции