(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2023 – 2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ...
«2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 987 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 28 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет, оның ішінде 2023 жылға мынадай:
1) кiрiстер – 17 543 276 102 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша – 13 559 036 264 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша – 351 081 214 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 1 248 374 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша – 3 631 910 250 мың теңге;
2) шығындар – 20 578 663 319 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 25 878 145 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер – 279 299 322 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу – 253 421 177 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 138 734 638 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу – 138 734 638 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы – -3 200 000 000 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 2,7 пайызы;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы – -8 161 315 600 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 6,8 пайызы;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 3 200 000 000 мың теңге көлемінде атқаруға қабылдансын.
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Қорғаныс, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің, Президенті Іс Басқармасының басым республикалық бюджеттік инвестицияларының тізбесі (қызмет бабында пайдалану үшін);
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде салынған орта білім беру объектілерін күтіп-ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерінің сомаларын бөлу;
Редакция документа
Демо – версия документа