Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2014.27.06 ДАҒЫ № 211-V ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының
Заңы

Кәсiптiк одақтар туралы

(2015.23.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2016 жылғы 6 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1-тарау. Жалпы ережелер

(1 -7-баптар)

2-тарау. Кәсiподақтарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату

(8 - 10-баптар)

3-тарау. Кәсіподақтардың және олардың бірлестіктерінің мәртебесі

(11 -15-баптар)

4-тарау. Кәсiподақтардың құқықтары мен міндеттері, кепiлдiктерi

(16 -26-баптар)

5-тарау. Кәсiподақ органдары және мүшелік кәсiподақ жарналары

(27 -29-баптар)

6-тарау. Кәсiподақтардың меншiгi, олардың шаруашылық және қаржылық қызметi

(30 - 31-баптар)

7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

(32 -34-баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

 

Осы Заң азаматтардың бірлесу бостандығына, кәсіптік одақтарды құруға, олардың қызметіне, оларды қайта ұйымдастыруға және таратуға конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аумақтық кәсіподақтар бірлестігі - аудан, қала, облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі кәсіподақтар бірлестігі;

2) әлеуметтік әріптестік - қызметкерлер (қызметкерлердің өкілдері), жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың еңбек және әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін келісуді қамтамасыз етуге бағытталған жүйесі;

3) бастауыш кәсіподақ ұйымы - кәсіподақтың тікелей ұйымдағы және осы ұйым қызметкерлері болып табылатын кәсіподақ мүшелерінен тұратын құрылымдық бөлімшесі;

4) жергілікті кәсіподақ - ортақ еңбек, өндірістік-кәсіптік мүдделермен байланысты, бір немесе бірнеше ұйым қызметкерлерінің ерікті бірлестігі;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку