«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы» 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 және «Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы» 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 255 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 395 Қаулысы (2023.19.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы» 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 және «Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы» 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 255 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 395 Қаулысы
(2023.19.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2023.03.08. № 639 Қаулысымен күші жойылды (2023 ж. 19 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) «Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 255 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 25-26, 147-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларында (әдістемесінде):
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Қағидаларда мақта талшығының нарықтық бағасын айқындау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) «Цена Дайджест» журналы және «Ценовая информация» бюллетені («Цена Дайджест» журналына қосымша), («Цена-Информ» ЖШҚ, Ресей Федерациясы);
2) «Cotlook Cotton Quotes» баға ақпараты («Cotlook Limited» ақпараттық агенттігі, Ұлыбритания);
3) EIKON, («Refinitiv» компаниясы, Ұлыбритания).»;
2-тараудың 8 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«8. «Cotlook Cotton Quotes» баға ақпараты көзі үшін ақпарат көзінің қолданылу өңірі Оңтүстік Шығыс Азия елдері болып табылады.
9. EIKON ақпарат көзі үшін ақпарат көзінің қолданылу өңірі Еуропа елдері (басқа АКҚӨ-де көрсетілгендерді қоспағанда) болып табылады.»;
3-тараудың 10-тармағының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Cotlook Cotton Quotes» баға ақпараты ақпарат көзінен мақта талшығының бағаларын айқындау тәртібі»;
2-параграфтың 21-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа