«Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 255 Қаулысы (2021.18.10. берілген өзгерістермен)
Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 255 Қаулысы
(2021.18.10. берілген өзгерістермен)
«Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мақта талшығына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 29 сәуірдегі
№ 255 қаулысымен бекітілген
Мақта талшығына баға белгілеу
қағидалары (әдістемесі)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мақта талшығына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) (бұдан әрі - Қағидалар) «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мақта талшығына арналған мәмілелердің (өткізудің) бағасын айқындау (есептеу) тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидалар оның 7-9-тармақтарында көрсетілген елдерге мақта талшығын жеткізуге қолданылады. Басқа жағдайларда салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді түзету «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер және анықтамалар:
1) агент - мақта талшығын сатып алушыны іздеу жөніндегі делдалдық қызметтерді жүзеге асыратын трейдер агенті;
2) ақпарат көзінен алынған баға - Қағидаларда айқындалған ақпарат көзінен алынған мақта талшығының бағасы;
3) ақпарат көзінің қолданылу өңірі (бұдан әрі - АКҚӨ) - осы ақпарат көзінен алынған деректерге қарай мақта талшығына нарықтық баға белгіленетін географиялық аумақ;
Демо – версия документа