(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ МӘСЕЛЕ...
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 қазандағы № 835 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы Ереженің 14-тармағының 120) және 121) тармақшаларынан және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы Ереженің 14-тармағының 35) тармақшасынан басқа, оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2022 жылғы 19 қазандағы
№ 835 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1120 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі –Министрлік) мынадай салаларда басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады:
1) заң жобалау жұмысын жүргiзу, заңнаманы жетiлдiру;
2) халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдік құқықтық көмекті үйлестіру;
3) сот-сараптама қызметі;
4) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
5) заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат;
6) зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
Редакция документа
Демо – версия документа