(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СОТ-САРАПТАМА ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫСУ ҮШІН ЛИЦЕНЗИЯ БЕР...
«Сот-сараптама қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 26 мамырдағы № 296 бұйрығы
(2016.11.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Сот-сараптама қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті бекітілсін.
2. Мыналардың:
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 41 «Сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9116 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 маусымдағы № 126 (28350) «Егемен Қазақстан» газетінде, 2014 жылғы 28 маусымдағы № 126 (27747) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған);
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 210 «Сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 41 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9566 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 шілдедегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Редакция документа
Демо – версия документа