«Жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 154 бұйрығы
Жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 154 бұйрығы
«Жайылымдар туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
Қ. Айтуғанов |
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 7 сәуірдегі
№ 154 бұйрығына
қосымша
Жайылымдарды суландыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары
№ | Іс-шаралар атауы | Орындалу мерзімі | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушылар | |
1. | Құдықтар (ұңғымалар) салу жөніндегі индикативтік жоспарды облыстың аудандарына жеткізу | 2017 жылғы сәуір | ҚР АШМ-ға ақпарат | облыс әкімдіктері (келісім бойынша) | |
2. | Құдықтар (ұңғымалар) салу жөніндегі индикативтік жоспарлардың орындалуы бойынша ай сайын есеп жүргізу | есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне ай сайын | ҚР АШМ-ға ақпарат | облыс әкімдіктері (келісім бойынша) | |
3. | Жайылымды суландыру инфрақұрылымы үшін техника мен жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік қолдау шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу | тұрақты негізде | облыс әкіміне ақпарат | облыс әкімдіктері (келісім бойынша) | |
4. | Құдықтарды (ұңғымаларды) бұрғылау жөніндегі қызметті көрсететін кәсіпорындардың тізімін облыс әкімдігінің интернет ресурсына орналастыру | 2017 жылғы сәуір | облыс әкімдігінің сайтында ақпарат | облыс әкімдіктері (келісім бойынша) |
Демо – версия документа