«Сот сарапшыларын аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 334 бұйрығы (2018.15.05. берілген өзгерістермен)
Сот сарапшыларын аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 334 бұйрығы
(2018.15.05. берілген өзгерістермен)
«Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 19) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сот сарапшыларын аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | М. Бекетаев |
Әділет министрінің
2017 жылғы 30 наурыздағы
№ 334 бұйрығымен
бекітілген
Сот сарапшыларын аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Әділет министрінің 2018.15.05. № 752 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Демо – версия документа