Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Бюджеттік инвестициялар, концессиялар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша сараптама жүргізу мен құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 129 бұйрығы (күші жойылды)

Бюджеттік инвестициялар, концессиялар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша сараптама жүргізу мен құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 129 бұйрығы

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 22 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 16-тармағы 50) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік инвестициялар, концессиялар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша сараптама жүргізу мен құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесі бекітілсін (бұдан әрі - Әдістеме).

2. «Бюджеттік инвестициялар және концессиялар мәселелері бойынша құжаттамаға сараптама өткізу мен бағалаудың құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 132 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9500 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 маусымдағы № 80714 «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға оның жіберілуін;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку