«Кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 251 бұйрығы (2019.03.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 251 бұйрығы
(2019.03.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.10.08. № 10 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңы 4-бабының 3-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.10.08. № 10 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жолдануын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Министрдің міндетін атқарушы |
М. Құсайынов |
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2019.03.09. № 30 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 251 бұйрығымен бекітілген
Кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Демо – версия документа