(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ОБЪЕКТІЛЕРДІ ТЕРРОРИСТІК ТҰРҒЫДАН ОСАЛ ОБЪЕКТІЛЕРГЕ...
Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 Қаулысы
Осы редакция 2024 жылғы 22 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары;
2) объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу өлшемшарттары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 876 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1098 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 19-тармағы.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 12 сәуірдегі
№ 234 қаулысымен
бекітілген
Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу тәртібін айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа