(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШЕГІНЕН ТЫС ТҰРАҚТЫ ТҰРҒЫ...
Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 361 Қаулысы
(2020.12.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 26 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 55-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 шілдедегі № 1010 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 28, 354-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 шілдедегі № 1010 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 479 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 20, 196-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 шілдедегі № 1010 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 1080 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 43, 505-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 28 наурыздағы
№ 361 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу
қағидалары
ҚР Үкіметінің 2017.29.09. № 610 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа