«Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 және «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 жарлықтарына толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі № 651 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 және «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 жарлықтарына толықтырулар енгiзу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына толықтырулар енгізілсін:
1) тармақша 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
«2-тарау. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар» деген тарауында:
«Б» корпусы» деген бөлімінде:
D санаттарының тобында:
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарға, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдарына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Қазақстан халқы Ассамблеясының аппараттарына (хатшылықтарына) қатысты мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізбесінен кейін мынадай мазмұндағы жаңа кіші топпен толықтырылсын:
«Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық атқарушы органдарға есеп беретін және бақылауындағы аудандық атқарушы органдар, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалардың атқарушы органдары
D-R-1 санаты
Бөлім басшысы
D-R-2 санаты
Бөлім басшысының орынбасары
D-R-3 санаты
Сектор меңгерушісі
D-R-4 санаты
Бас маман
D-R-5 санаты
Жетекші маман»;
Демо – версия документа