(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) КРЕДИТТІК СЕРІКТЕСТІКТЕР ТУРАЛЫ 2003 ЖЫЛҒЫ 28 НАУРЫЗ...
Кредиттiк серiктестiктер туралы
2003 жылғы 28 наурыздағы № 400-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2014.29.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 26 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң кредиттiк серiктестiктердiң құқықтық жағдайын, құрылу, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртібін, сондай-ақ қызметiнiң реттелуiн айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) қосымша жарна - қатысушының кредиттiк cepiктecтiктiң мүлкiне берген ақша сомасы;
2) кредиттiк серiктестiк - жеке және (немесе) заңды тұлғалар өз қатысушыларының кредиттерге және басқа қаржылық, соның iшiнде банктiк қызмет көрсетуге деген қажеттерiн олардың ақшаларын жинақтау жолымен және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен қанағаттандыру үшiн құрған заңды тұлға;
3) кредиттiк комитет - кредиттiк cepiктecтiктiң өзiнiң кредит саясатын жүзеге асыратын бөлiмшесi;
4) мiндеттi салым - қатысушының кредиттiк серiктестiктiң жарғылық капиталына енгізуге жататын ақшасы;
5) 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк серiктестiктер туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының кредиттiк серiктестiктер туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдары осы Заңмен реттелмеген бөлiгiнде кредиттiк серiктестiктерге қолданылады.
Редакция документа
Демо – версия документа