(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕТІН АЗАМАТТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІ...
Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 Қаулысы
(2022.08.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 1 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2022.26.10. № 850 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 8 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 25-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидалары бекітілсін;
2) Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшері, көздері мен түрлері.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
ҚР Үкіметінің 2018.26.10. № 686 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларының 5-тармағының 7) тармақшасын, осы қаулымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшері, көздері және түрлерінің 1-тармағының үшінші абзацын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 12 наурыздағы
№ 320 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру
қағидалары
Редакция документа
Демо – версия документа