(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖОҒАРЫ БІЛІМ АЛУҒА АҚЫ ТӨЛЕУ ҮШІН БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫ...
Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 Қаулысы
(2017.26.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 13 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. 1. Қоса беріліп отырған Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 23 қаңтардағы
№ 58 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру
ережесі
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын берудің тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2011.27.07. № 865 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) білім беру гранты - кәсіптік білім алуға төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы;
Редакция документа
Демо – версия документа