«Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1006 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 10 қыркүйек
№ 1006
Президентінің
2022 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 1006 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2021 жылғы 20 ақпандағы
№ 515 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы органның жүргізуіне жатқызылған экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Агенттік өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербес.
2. Агенттіктің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада аумақтық органдары және мамандандырылған мемлекеттік мекемесі бар.
Демо – версия документа