Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 17 қазандағы № 77 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 888 бұйрығы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 17 қазандағы № 77 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 888 бұйрығы

 

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 213/НҚ бұйрығымен күші жойылды

 

«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 17 қазандағы № 77 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9829 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қарашадағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 64 (28542) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті туралы ережеде:

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Функциялары:

1) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың өз құзыреті шегінде іске асырылуын қамтамасыз етеді;

2) ғарыш қызметі саласында халықаралық ынтымақтастықты өз құзыреті шегінде ұйымдастырады;

3) ғарыш қызметi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiруге қатысады;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку