«Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 75 бұйрығы (2023.18.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 75 бұйрығы
(2023.18.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 6 қарашадағы № 526-НҚ бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021.19.06. № 222 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2023.30.11. № 479-НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 18 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021.19.06. № 222 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
Документ утратил силу
Демо – версия документа