(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.26.08 № 838 ҚАУЛЫСЫ
Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 838 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 14 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидалары бекітілсін.
2. «Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 мамырдағы № 479 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С.Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 26 тамыздағы
№ 838 қаулысымен
бекітілген
Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша
белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару
қағидалары
1. Осы Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылғанда жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару тәртібін айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа