«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 430 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 430 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Үкіметінің
2021 жылғы 22 маусымдағы
№ 430 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 168-1) тармақшамен толықтырылсын:
«168-1) жарты жылдың қорытындысы бойынша - есепті жылдың 15 шілдесіне дейін, жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін жергілікті атқарушы органдар қалыптастыратын азық-түлік тауарларын есепке алу жөніндегі ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға ұсынады;».
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 260-1) тармақшамен толықтырылсын:
Демо – версия документа