«Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 1 қарашадағы № 543 бұйрығы (күші жойылды)
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 1 қарашадағы № 543 бұйрығы
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 630 бұйрығымен күші жойылды
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін және олардың орындалуы жөніндегі есептерді коммерцияландыру жобаларын мемлекеттік есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы | Ш. Каринова |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрдің
міндетін атқарушысының
2021 жылғы 1 қарашадағы
№ 543 бұйрығына қосымша
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық
қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу
Документ утратил силу
Демо – версия документа