Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Nur Zholy Customs Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1132 Қаулысы

«Nur Zholy Customs Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1132 Қаулысы

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысымен бекітілген Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Nur Zholy Customs Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100 (бір жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «EuroTranzit Nur Zholy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұсынысы қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;

2) серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне беруді қамтамасыз етсін.

3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2022 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 1132 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

толықтырулар

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку